Ілияс Есенберлин - Көшпенділер-3.Каһар
18+
User AvatarВаша оценка
4,8
(14)

Көшпенділер-3.Каһар

Ілияс Есенберлиннің шығармашылығында атақты «Көшпенділер» трилогиясы негізгі орын алады‚ ол эпикалық құлаш-қарымымен‚ оқиғалардың серпінділігімен‚ қазақ тарихының жанды әрі қайталанбас тұлғалардың бейнесімен‚ тілінің шынайлығымен және айқындылығымен ерекшеленеді. Трилогиясы тарихта ешқандай «жоғалып кетулердің» болмағанын‚ осы ғасырлардың бәрінде де қазақ халқы өзінің ежелгі жерінде өмір сүріп‚ еңбек еткенін сенімді түрде көрсетеді.

Язык:

Казахский

Возрастные ограничения:

18+

Рейтинг LiveLib

4,8
14 оценок
  • 5
    86%
  • 4
    14%
  • 3
    0%
  • 2
    0%
  • 1
    0%
User AvatarВаша оценка
Прочитали 17Хотят прочитать 31

Рецензии

  • Аватар пользователя
    aleka-1
    19 сентября 2021

     Ілияс Есенберлин "Қаhар"

    ________________________

    Ал кітапқа келсем,Есенберлин ағамыздың "Көшпенділер" трилогиясының 3-ші томы. Бұл томда Қазақ 3 жүзінің соңғы ханы Кенесары жайлы жазылған.

    Кітап керемет Қазақтың тарихы, сол елім-жерім деп соғысқан батырларды жырлайды.

    Осындай кітаптарды негізінде ер балаларға көп оқытқан дұрыс.

    1-ден тарихын біліп өседі, 2-ден батырлық сезімді бойына сіңіреді,3-ден патриоттық сезімі дамып, "Елім,жерім"-деген ұрпақ тәрбиелеуге септігін тигізеді.

    Қайсарым өссе, міндетті түрде оқытамын,бұйырса️

    Кітапта Қазақтың соңғы 3 жүзінің ханы, Абылайдың немересі,қанында Шыңғысханның қаны бар хан Кене айтқанынан қайтпай,жауға шаба береді.

    Кейде жеңіп,кейде жеңіліс табатын ханның қас-дұшпаны көп болады. Мақсаты айқын,биік хан Кене өзінің түсінде көргендей өледі. Мақсаты да сол еді: елін Россия империясына кірмей, отаршылдық саясатын құрып, Қазақ хандығын жалғастыру еді. Бірақ мақсатың мықты биік болған сайын,қас-дұшпаның жақыннан болатыны да анық.

    Тілі ауыр,көркем әдеби тілде жазылған Ілияс ағамыздың кітабын оқуға кеңес беремін. Көптеген мағлұматтар алып,кітапты әбден астын сызумен болдым.



    Читать далее
    209
Все рецензии

Цитаты

Еще не добавлена ни одна цитата из книги. Ваша может стать первой.