Логотип LiveLibbetaК основной версии

Рецензия на книгу

Көшпенділер-3.Каһар

Ілияс Есенберлин

  • Аватар пользователя
    aleka-119 сентября 2021 г.

     Ілияс Есенберлин "Қаhар"

    ________________________

    Ал кітапқа келсем,Есенберлин ағамыздың "Көшпенділер" трилогиясының 3-ші томы. Бұл томда Қазақ 3 жүзінің соңғы ханы Кенесары жайлы жазылған.

    Кітап керемет Қазақтың тарихы, сол елім-жерім деп соғысқан батырларды жырлайды.

    Осындай кітаптарды негізінде ер балаларға көп оқытқан дұрыс.

    1-ден тарихын біліп өседі, 2-ден батырлық сезімді бойына сіңіреді,3-ден патриоттық сезімі дамып, "Елім,жерім"-деген ұрпақ тәрбиелеуге септігін тигізеді.

    Қайсарым өссе, міндетті түрде оқытамын,бұйырса️

    Кітапта Қазақтың соңғы 3 жүзінің ханы, Абылайдың немересі,қанында Шыңғысханның қаны бар хан Кене айтқанынан қайтпай,жауға шаба береді.

    Кейде жеңіп,кейде жеңіліс табатын ханның қас-дұшпаны көп болады. Мақсаты айқын,биік хан Кене өзінің түсінде көргендей өледі. Мақсаты да сол еді: елін Россия империясына кірмей, отаршылдық саясатын құрып, Қазақ хандығын жалғастыру еді. Бірақ мақсатың мықты биік болған сайын,қас-дұшпаның жақыннан болатыны да анық.

    Тілі ауыр,көркем әдеби тілде жазылған Ілияс ағамыздың кітабын оқуға кеңес беремін. Көптеген мағлұматтар алып,кітапты әбден астын сызумен болдым.



    0
    203