Оглавление
- Қара сөз
- I сөз
- II сөз
- III сөз
- IV сөз
- V сөз
- VI сөз
- VII сөз
- VIII сөз
- IX сөз
- X сөз
- XI сөз
- XII сөз
- XIII сөз
- XIV сөз
- XV сөз
- XVI сөз
- XVII сөз
- XVIII сөз
- XIX сөз
- XX сөз
- XXI сөз
- XXII сөз
- XXIII сөз
- (XXIV сөз)
- XXV сөз
- XXVI сөз
- XXVII сөз
- XXVIII сөз
- XXIX сөз
- XXX сөз
- XXXI сөз
- XXXII сөз
- XXXIII сөз
- XXXIV сөз
- XXXV сөз
- XXXVI сөз
- XXXVII сөз
- XXXVIII сөз
- XXXIX сөз
- XXXX сөз
- XXXXI сөз
- XXXXII сөз
- XXXXIII сөз
- XXXXIV сөз
- XXXXV сөз
XXXXI сөз
Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі нәрсе керек.
Әуелі – бек зор өкімет, жарлық қолында бар кісі керек. Үлкендерін қорқытып, жас балаларын еріксіз қолдарынан алып, медреселерге беріп, бірін ол жол, бірін бұл жолға салу керек, дүниеде көп есепсіз ғылымның жолдары бар, әрбір жолда үйретушілерге беріп сен бұл жолды үйрен, сен ол жолды үйрен деп жолға салып, мұндағы халыққа шығынын төлетіп жіберсе, хәтта қыздарды да ең болмаса мұсылман ғылымына жіберсе, жақсы дін танырлық қылып үйретсе, сонда сол жастар жетіп, бұл аталары қартайып сөзден қалғанда түзелсе болар еді.
Екінші – ол адам есепсіз бай боларға керек. Аталарын паралап, балаларын алып, бастапқы айтқандай жолға салып, тағлым берсе, сонда түзелер еді.
Енді мұндай халықты еріксіз қорқытып көндірерлік күш-қуат ешкімге бітпейді. Ол баланы қазақтың бәрін паралап көндірерлік дәулет бір кісіге бітуге мүмкін де емес.
Қазақты я қорқытпай, я параламай, ақылменен не жырлап, не сырлап айтқанменен ешнәрсеге көндіру мүмкін де емес. Етінен өткен, сүйегіне жеткен, атадан мирас алған, ананың сүтіменен біткен надан-дық әлдеқашан адамшылықтан кетірген. Өздерінің ырбаңы бар ма, пыш-пышы бар ма, гуілдегі бар ма, дүрілдегі бар ма – сонысынан дүниеде ешбір қызықты нәрсе бар деп ойламайды, ойласа да бұрыла алмайды, егер сөз айтсаң, түгел тыңдап тұра алмайды, не көңілі, не көзі алаңдап отырады. Енді не қылдық, не болдық!