
Ваша оценкаЦитаты
_Sarcasm_Provider26 августа 2025 г."Ақша мен билік - лас нәрсе. Оған жоламау керек. Ол түзу адамды құртпай қоймайды" деген көзқарас қате. Дұрысы, ақша мен билік - кімнің кім екенін айқын көрсететін анықтауыш құрал. Егер билік болмаса, Өзбекәлінің болмысы толық ашылмас еді. Ол биліктің жоғары мінберінде отыз жылдан аса уақыт жүрді. Бірақ қызметтің буы мен мансабы оның болмысын бұза алмады.
3244
_Sarcasm_Provider25 августа 2025 г.Адам болмысына тереңінен назар салған пенде оның мисыз мақұлықтан дараланып тұратын адами артықшылығын тез байқайды.
371
_Sarcasm_Provider8 августа 2025 г....онтология заңы бойынша сұраусыз жатқан шындық жок. Яғни бір нәрсе бар болса, оның тууына себеп болған БІРЕУ де бар.
226
_Sarcasm_Provider21 августа 2025 г.Читать далее"... Бірде "Айман-Шолпан" спектаклін қоярда жігіттердің біразына қамшы ұстатып қойғанмын. Соны Өзбекәлі байқап қалып:
- Қамшы неше өрім болады? - деп сұрады.
Мен сөзден тосылдым. Ол сөккен жоқ. Керісінше қамшының тарихын түсіндіре бастады. Сөйтсем қамшы төрт, алты, сегіз, он екі, он алты өрім болады екен. Бұрынғы қазақтар жолаушының қамшысына қарап-ақ, оның батыр, би, төре, малшы, елші екенін ажыратыпты. Ал мен спектакльдегі батыр жігіттерге социалистік ауылдардағы малшыдан көрген төрт таспалы қамшы ұстатып қойыппын. Оның өзі беріде пайда болған қамшы екен."127