"Ақша мен билік - лас нәрсе. Оған жоламау керек. Ол түзу адамды құртпай қоймайды" деген көзқарас қате. Дұрысы, ақша мен билік - кімнің кім екенін айқын көрсететін анықтауыш құрал. Егер билік болмаса, Өзбекәлінің болмысы толық ашылмас еді. Ол биліктің жоғары мінберінде отыз жылдан аса уақыт жүрді. Бірақ қызметтің буы мен мансабы оның болмысын бұза алмады.