Книжный вызовВаш трекер чтения книг
Это новая версия страницы. Часть функций ещё в работе — мы добавляем их постепенно.
Сүйекші
Артта мұнартқан кішкентай қала жатыр. Тұңғыш алғаш келем деп келгенде келдің селі етпеген қала енді кеттің екен-ау деп еткен жоқ, белгісіз жақтан белгісіз боп келіп еді, белгісіз боп кетіп барады. Белгісіз боп келіп таңның атысы, күннің батысы бір тыңбайтын күйбең тіршілік тоқтап қалмайды, олар мұңсыз да туып, мұңсыз да өмір сүріп, мұңсыз да дүние сала береді.
Ана дегенде көзіне бар елестететіні – тəңірдің жазғанына əбден мойынсұнып, қандай ауыртпалық болса да бəрін қабақ шытпай үнсіз көтеруге көндіккен, еріне, баласына деген ақ тілегін өз ғұмырынан да артық санайтын жұдырықтай ғана əйел.