Артта мұнартқан кішкентай қала жатыр. Тұңғыш алғаш келем деп келгенде келдің селі етпеген қала енді кеттің екен-ау деп еткен жоқ, белгісіз жақтан белгісіз боп келіп еді, белгісіз боп кетіп барады. Белгісіз боп келіп таңның атысы, күннің батысы бір тыңбайтын күйбең тіршілік тоқтап қалмайды, олар мұңсыз да туып, мұңсыз да өмір сүріп, мұңсыз да дүние сала береді.