Дүниенің жаратылысында жазық жоқ, мүкісі жоқ. Дүниені бүлдіретін − өзіміз. Ең ақылды жаратылған жан − ол адам. Ақылды азапқа айналдырған да − адам. Жаратылыста жазық жоқ
Құдай берген жанды − Құдай алады. Бізге жанды Құдай қарызға берген. Қарыздың сүрегі («срок» дегені) қашан бітеді, сонда барып өлеміз. Қорқа-қорқа болдық қой, қараң қалғыр, − деді.
Халық жауы» атанбас үшін, алба-жұлбалау, ақымақтау, өз ойы, өз пайымы жоқ мәңгүрт болуың керек.
Шіркін, сол кездің әйелдері-ай! Азамат орнына азамат та болды. Ақыл-ес айтар ақылман да болды. Отқа да түсті, суға да түсті. Бірақ бүк түсіп, белі сынбады. Егер олар сынғанда, елде ешкім қалмас еді.
төрт-бес жастағы балалар бірін-бірі тілсіз-ақ түсінетін ерекше бір қасиет бар болса керек. Өсе келе үлкендер сол қасиеттен айырылып қалып, «Менің тілім, сенің тілің» деп, дауласкер дертке ұшырайды екен ғой...
Шәй ішіп отырмыз. Дастарқан жүдеу. Жарты таба нан. Айша көзінің қарашығындай сандыққа салып, сақтап жүретін кішкентай қозы қарын майдан бір қасық қана алып, мейманның алдына қойды. Оны менің көзім тесіп барады. Таба нанға май жағып жеу деген – арман. Қарындасым мен інім де жетісіп отырған жоқ. Бірақ шыдаймыз. Айшаның айбарынан қорқамыз.
Өзіңді-өзің, жұбатпасаң, өзіңді өзін жылытпасаң, сені кім жұбатады, кім жылытады?
Сұм дүниеде қиналсаң, Шын дүниеде рахатын көресің, Айша шыда.
Көйлегің тозғақ, өмірің озғақ болсын
Баланы қуанту не үшін керек? Қуантушы адамның өзі үшін керек. Алдымен, егер дүниеде қанша миллион бала бар, біреуі жыламай, бәрі қуанып жүрсе, осы дүниенің өзінде-ақ жұмақ орнар еді. Сор болғанда, көп бала жылайды
Қарашаның соңы еді. Түнімен түнеріп тұрған бұлт толғағы жетіп, таңертең қар жауды. Жаңа жауған қар – о да перзент. Күнәдан пәк. Аппақ.
Адамдар да сондай. Жаңа туғанда бәрі періште. Өсе келе, араларынан неше түрлі шығады. Ақылды да, ақымақ та. Адал да, арам да... Әйтсе де ақымақтары басым ба деп қаласың. Өйткені төбелесе береді. Соғыса береді.
Айша айтқан: кісімен сәлемдескенде жамандар құсап үніңді артыңнан шығармай, басыңды көтеріп, жөндеп амандас, – деп.
Кітаптың құдіреті ғой. Сені ол қайда апармайды, кімдермен таныстырмайды?! Үйде отырып-ақ көз көрмеген, құлақ естімеген дүниенің нешеме түкпірлерін шарлап шығасың. Жолында жақсы да, жаман да кездеседі.
Жатып алып ойласам: мұның бәрі өмір заңының бұзылуынан екен. Өмір заңы: бала-бала болуы керек. Балаға тән аз дәуренді басынан кешіру керек. Егер балалық дәуренің шала болса, сол жетіспей қалған сыбағаңды кейін есейгенде аңсап тұрасың. Ал жалпы, қай жаста болсаң да кей-кейде бала болып, балалық шаққа оралғанның ерсілігі жоқ па деймін. Сәби шағын мүлде ұмытып кеткендер, артына бұрылып бір қарамағандар – тегін білмес топастар ма деп қаламын. Олар туған анасын да, Отанын да тез ұмытып кететін опасыздар сияқтанады да тұрады.