Дулат Исабеков - Гауһар тас
User AvatarВаша оценка
4,8
(101)

Гауһар тас

Трогательная2
Дулат Исабековтың бұл повесі қазақтың халық әнімен аттас. Бірақ аты ғана ұқсамайды, бар болмысымен, сарынымен де салған әнге ұқсайды. Бір-біріне қарама-қайшы мінездердің бір шаңырақ астына жиналуынан пайда болған жағдаяттар баяндалып, сол аралықтағы көңілдер, сыртқа шыққан-шықпаған сезімдер бірте-бірте шашақталып, оқырман назарына ақырын-ақырын ілініп, тек соңында ғана толығымен айқара ашылады.

Издательство:

Qasym баспа үйі

ISBN:

978-601-80796-3-4

Год издания:

2020

Возрастные ограничения:

12+

Рейтинг LiveLib

4,8
101 оценка
  • 5
    82%
  • 4
    14%
  • 3
    3%
  • 2
    1%
  • 1
    0%
User AvatarВаша оценка

Эмоции читателей от книги

Трогательная2
Прочитали 121Хотят прочитать 175

Рецензии

  • Аватар пользователя
    ShyngysZholshubekov
    15 сентября 2026

    Отбасылық суықтықты мейірім жеңе ала ма?

    «Ғауһар тас» — бұл өмірдің өзіндей шынайы, жүрекке тиетін өте жақсы кітап. Тек соңы сәл көңілді түсіріп кеткендіктен, 5-тен 4 деген бағаға әбден лайық.

    Кітаптың ең басты артықшылығы — оның кейіпкерлері. Үйге жаңа түскен Салтанат есімді келін өзінің ашық-жарқын мінезімен, әдемі әнімен және мейірімімен бүкіл ауылдың, әсіресе үйдегі кіші інісінің жүрегін жаулап алады. Ол барған жеріне нұр шашып, үйдің суық атмосферасын жылытқандай болады. Автордың ауыл өмірін, адамдардың мінезін жазуы сондай жеңіл әрі қызықты, оқып отырып сол оқиғаның ішінде өзің жүргендей боласың. Бірақ неге 5 емес, 4 балл? Өйткені кітаптың соңы өте мұңлы әрі сәл асығыс аяқталып қалады. Үлкен ұлдың қаталдығы мен түсініксіз мінезі, Салтанаттың қайғылы тағдыры жүректі ауыртады. Соңғы жағында «әттең, әрі қарай не болды екен?» деген сұрақтар жауапсыз қалады. Қорыта айтқанда, бұл — бір демде оқылатын, адамгершілік пен отбасылық қарым-қатынас туралы ойлантатын өте әсерлі шығарма.

    Читать далее
    Содержит спойлеры
    26
Все рецензии

Цитаты

Все цитаты