Мои книги
Это бета-версия LiveLib. Сейчас доступна часть функций, остальные из основной версии будут добавляться постепенно.
Әр әйел өзінше сұлу болу керек. Қара ат сұлу ма, торы ат сұлу ма демейміз ғой! Көркем дейміз, сұлу дейміз, ажарлы дейміз, сүйкімді дейміз, әдемі дейміз, сымбатты дейміз, бәденді дейміз... Соның бірінен бірінің артық-кемін кім айта алады?
Байлық деген ішуге, жеуге, киінуге, адам сияқты тұруға жарамаса басқа неменеңе керек!... Биыл бай болсаң, ендігі жылы тақыр кедей болып қалуың да оп-оңай.
Таңдарлық қыз әрі есті, әрі сұлу болу керек емес пе? Сұлулығы жеңсе есінен айрылып қалатын, естілігі жеңсе сұлулығынан айрылып қалатын қыздар аз болмайды, Ұлпан. Естілігі толыққан сайын сұлулығы да толыға беретін қыз болады.