моя книжная полка
AlisaNikolaevichGurmanov
- 15 книг

Ваша оценка
Ваша оценка
Ұлпанның даңқты да қып–қилы өмірі өзіндік қап–қанық бояумен берілген. Кейіпкерлер ділі, әдет–ғұрыптары, салт–дәстүрлері, ұстанымдары, қабілеттері, қарымталары, түп–түрлі мінез–құлықтар, мақсат–мұраттар ап–анық берілген. Тіпті тарихтан да шерткен сырлар да бар (қызығы, Есеней би – Сырым Датұлының жиені, яғни, Байбақты – нағашы жұрты), орыс әкімшілігінің сұрқы пиғылдары, Кенесары, Шыңғыс (Шоқан әкесі) сияқтыларға пысқырып қарамайтындығы, Кенесарымен байланысты адамдар (Қожық). Қазақтардың ұлт–азаттық көтерілістері бастауы, түп ізі – Сырымнан екендігін қазіргі тарихнамамызша жазушы да қостап отыр. Исатай, Махамбет, Бекет бастаған көтерілістер – халық, рух, сана азаттығы үшін екені астырсынсыз жазылды, сол замат өзінде Сырым қозғалысының ұшқыны әлі мазданып тұрғанын да астыртпай, бір сөйлеммен жазды.
Шенқұмарлық, дүрдараздық, қастық, көреалмаушылық, надандық (әсіресе, шала молдалар) та сол заманға тән ескірмес теп–теріс қасиеттер. Есеней сопыша, манақша билік, байлықты тәрік етті де, әйелі Ұлпан (Ақнары, екінші Есеней) иелік етті. Үйіндегі кіп–кір көрпе, киіз, жасаулыққа дейін тиісті түрде үлестіргені, ақылдың, шырайлылықтың, сыйлағанның құлы болғаны, баласүйгіш, сараңпаз, іштар болмағаны – әр қазақ әйелі үшін үп–үлгілі.
“Бақытсыз Жамалдан” қарағанда оны ешкім (мәселенге алса, Есеней) ұрған, сабаған, балағаттаған емес һәм өмірін қараң қылған күйеу баласы Торсан, оның Жәукесі (екінші әйелі), Есеней (Есенейі дүние салғаннан соң өмірін “Қаралы сұлудағы” Қарагөз тағдырымен де салыстырса болар, ұқсастық ұшыны сәп–сәл байқалады), Біжікен өлімдері.
Ұлпан және де әйел құқықтарын қорғаушы болған. Әмеңгерлік, зорлық–зомбылықты пышақ кесті тоқтатуды шенеуніктерге 2 шарт қылып айтты. Ал әлгі шенеуніктер амалсыз орындады. Себебі, Ұлпан дәрежесі жергілікті солтүстік бірқатар қазақтар арасында жоп–жоғары болды әрі онымен ақылдасты, санасты. Орта жүздегі кей рулар тармақтарындағы әйелдер ұраны да болған. Мысалы, Абақ – әйел. Қысқасы, матриархат.
Тарихтан да сыр шерткені, Ұшпанның асқан ақылгерлігін, данагерлігін, сұлулығын, парасатын, қарапайымдылығын, мәрттігін көрсеткен Ғабеңдей сөз зергері жарқ кейіпкерлерімен, оқырмандарымен бақытты!

Бұл роман қазақ қызының Ұлпанның тағдырын баяндайды. Ұлпан - бүкіл қазақ еліне үлгі боларлық тұлға. Ол - автор ойынан туған бейне емес, ол - орыс өкіметінің қазақ жерінде билік жүргізе бастаған заманында өмір сүрген адам. Өзінен шамамен қырық жас үлкен батырға тұрмысқа шықса да, өзінің қайтпас өжет мінезімен күйеуіне ақылшы, сырлас болып, бүкіл руды жарылқады.
Бұл романда әйел тағдырымен қоса, қазақ тарихына да, салт-дәстүрлеріне де басқа көзқараспен қарап, біраз ой түйіндеуге болады.
Керемет туынды! Оқыңыздар, өкінбейсіздер деп ойлаймын!

Әр әйел өзінше сұлу болу керек. Қара ат сұлу ма, торы ат сұлу ма демейміз ғой! Көркем дейміз, сұлу дейміз, ажарлы дейміз, сүйкімді дейміз, әдемі дейміз, сымбатты дейміз, бәденді дейміз... Соның бірінен бірінің артық-кемін кім айта алады?
Другие издания
