
Известные писатели и пенитенциарная система
jump-jump
- 960 книг

Ваша оценка
Ваша оценка
Жүсіпбек Аймауытовтың жазу стильі, оқырманды бірден баурап алуы, ауызекі тілдегі сөздерді келтіре баяндауы қатты ұнады. Ал басты кейіпкер Ақбілек жақын құрбымдай болып кетті. Ар-ұятты жоғары қойған, қайсар қызбен құрбы болғанымды бақыт санаймын.
Сценарийді айта алмадым, бәрін қойшы, құрбымның жеңгесі (Ұрқия) сондай дана әйел екен. Алғашында осы бедеу жеңгесіне баласын берсе, мәселе шешіліп қалар деген ой келіп еді. Бірақ оның да аяғы ауыр дегеніне нанып қалмасым бар ма, ойым жүзеге аспағанына қынжылып едім. Енді бар сыр ашылғанда риза болдым ау. Міне шығарма! Міне туынды! Міне хэппи энд. Мұндай қызық сюжетті күтпедім ғой мен...
Тағдыр неткен таңғажайып едің сен?! Ақбілектей ару қыз бақытқа лайық. Қаншама ауыр күндерден кейін бақыт құсы бағына қайта қонды оның. Бірақ ол бақытқа өзі жүрді емес пе. Иа, асқан жанкештілікпен жүрді. Надандығымен күресті. Өмірге де, өзгесіне де өкпелеп бір қапаста жатпады. Тіршілік қылды, сауатын ашты, махаббаттан күдер үзбеді. Жастығына сай білімін алып, қаланы қызықтады. Түбі жары мақтан етер келіншек қана емес, халыққа сөзі жүретін дана әйелге айналды. Оны мұндай тұлға еткен - білім.

Үйткені адам — айуанның айуаны ғой. Кімнің басына күн туса, соны табалауға, мұқатуға, одан әрі батпаққа батыруға құмартып тұрады: табаласа, аяғымен таптаса, сонда айызы қанады. Әсіресе, ел мақтаған, кірсіз адамды кірлеуге жаны өш болады. Үйткені кір көңіл адам кірсізді көре алмайды, күндейді; өзіндей қылуға тырысады.

Дүниеде әйел бір-бірімен өштеспесін. Әйел өштессе, аяу дегенді білмейді. Қайдағы жараның аузын жұлып алатын нәзік, жанды жерді аңдиды. Әйел шақса, шаяннан бетер шағады. Әйел өмірі кешірмейді.

Белинский айтқан екен: «Қиялдан шыққан махаббат таза жүректен шыққан махаббаттан ауыр, жаман болады. Қиял махаббаты жүрекке түссе, ауыр тас түскен секілді, қозғалтпайды, жанышады, улайды деп. Сол рас па деймін. Сарғаю, күйіну, — жүрек қатты ауырады».














Другие издания


