Логотип LiveLibbetaК основной версии

Это бета-версия LiveLib. Сейчас доступна часть функций, остальные из основной версии будут добавляться постепенно.

Рецензия на книгу

Ақбілек

Жүсіпбек Аймауытов

  • Аватар пользователя
    akzhuli16 июля 2023 г.

    Ақбілек романынан түйген ойларым

    Жүсіпбек Аймауытовтың жазу стильі, оқырманды бірден баурап алуы, ауызекі тілдегі сөздерді келтіре баяндауы қатты ұнады.  Ал басты кейіпкер Ақбілек жақын құрбымдай болып кетті. Ар-ұятты жоғары қойған, қайсар қызбен құрбы болғанымды бақыт санаймын.
    Сценарийді айта алмадым, бәрін қойшы, құрбымның жеңгесі (Ұрқия) сондай дана әйел екен. Алғашында осы бедеу жеңгесіне баласын берсе, мәселе шешіліп қалар деген ой келіп еді. Бірақ оның да аяғы ауыр дегеніне нанып қалмасым бар ма, ойым жүзеге аспағанына қынжылып едім. Енді бар сыр ашылғанда риза болдым ау. Міне шығарма! Міне туынды! Міне хэппи энд. Мұндай қызық сюжетті күтпедім ғой мен...

    Тағдыр неткен таңғажайып едің сен?! Ақбілектей ару қыз бақытқа лайық. Қаншама ауыр күндерден кейін бақыт құсы бағына қайта қонды оның. Бірақ ол бақытқа өзі жүрді емес пе. Иа, асқан жанкештілікпен жүрді. Надандығымен күресті. Өмірге де, өзгесіне де өкпелеп бір қапаста жатпады. Тіршілік қылды, сауатын ашты, махаббаттан күдер үзбеді. Жастығына сай білімін алып, қаланы қызықтады. Түбі жары мақтан етер келіншек қана емес, халыққа сөзі жүретін дана әйелге айналды. Оны мұндай тұлға еткен - білім.

    Содержит спойлеры
    1
    388