
Ваша оценкаЦитаты
Akmaral114 января 2022 г.Үйткені адам — айуанның айуаны ғой. Кімнің басына күн туса, соны табалауға, мұқатуға, одан әрі батпаққа батыруға құмартып тұрады: табаласа, аяғымен таптаса, сонда айызы қанады. Әсіресе, ел мақтаған, кірсіз адамды кірлеуге жаны өш болады. Үйткені кір көңіл адам кірсізді көре алмайды, күндейді; өзіндей қылуға тырысады.
2535
Akmaral114 января 2022 г.Дүниеде әйел бір-бірімен өштеспесін. Әйел өштессе, аяу дегенді білмейді. Қайдағы жараның аузын жұлып алатын нәзік, жанды жерді аңдиды. Әйел шақса, шаяннан бетер шағады. Әйел өмірі кешірмейді.
2422
Akmaral114 января 2022 г.Белинский айтқан екен: «Қиялдан шыққан махаббат таза жүректен шыққан махаббаттан ауыр, жаман болады. Қиял махаббаты жүрекке түссе, ауыр тас түскен секілді, қозғалтпайды, жанышады, улайды деп. Сол рас па деймін. Сарғаю, күйіну, — жүрек қатты ауырады».
1581