Логотип LiveLibbetaК основной версии

Рецензия на книгу

Цветы для Элджернона

Дэниел Киз

  • Аватар пользователя
    ZhansayaOidanova23 января 2025 г.

    Уақыт, қамқорлық, сезім

    "Цветы для Элджернона" Дэниел Киздің еңбегінде Чарли Гордон атты ақыл- есі кешеуілдеген кейіпкердің Бекман университеті ғалымдарының экспериментіне түсуі жазылған. Оның әке, анасы және қарындасы болса да олардан бөлек тұрады. Жасы 32 -де, наубайханада жұмыс жасайды. Наурыз айында университетте доктор, профессорлар алдымен Элджернон атты тышқанға ақылын арттыратын операция жасайды, ол оған ұйымдастырылған лабиринттен оңай жолын табады, соның нәтижесінде адамға да бұл тәжірибені жасап көруді ойлайды. Яғни аз уақытта ойлау қабілеті төмен адамнан мықты білімді адамды жасау. Ота сәтті жасалады, Элджернон да, Чарли де зейіндері өте мықты болады. Бұрын қамқорлығына алған наубайхана иесі оны жұмыстан шығарады. Ол мұғалімі мисс Кинниан Алисаны жақсы көреді. Чарли кітап, ғылыми мақалаларды түсінеді. Және Чикагодағы конференцияға шақыру алады. Сонда барғаннан кейін Чарлидің өмірі түбегейлі өзгереді. Эксперимент кері нәтижесін береді. Элджернон мен Чарлидің есі, зейіні бұрынғыдан да төмен болады. Элджернон лабиринттен өте алмайды, біршама уақыттан соң ол өледі. Әдетте университетте өлген жануарларды өртейді, алайда Чарли өзімен тағдырлас тышқанның өртелгенін қаламай, докторлардан рұқсат алып, оны өз үйінің артындағы аулаға көмеді, және жерлеген орнына түймедақ гүлін апарады. Наурыз айында басталған оқиға сол жылдың қараша айында Чарлидің қайтадан наубайханадағы жұмысы, Джимпи, Джо, Френк атты қызметтестеріне қосылумен аяқталады.

    Содержит спойлеры
    2
    86