Логотип LiveLibbetaК основной версии

Это бета-версия LiveLib. Сейчас доступна часть функций, остальные из основной версии будут добавляться постепенно.

Рецензия на книгу

Джейн Эйр

Шарлотта Бронте

  • Аватар пользователя
    bsagatkali
    4 июля 2023 г.

    Сестры Бронтенің ішінен оқыған ең алғашқы кітабым. Тура осы “Джейн Эйр” туралы өте көп жақсы пікірлер көргендіктен танысуымды осы шығармадан бастауды жөн көрдім.

    Жалпы айтатын болсақ кітап ұнады.
    Бірақ ішінде автор созып, іш пыстырып жіберетін жерлері болды. Табиғатты суреттеуі өте тартымды жазылған.
    Мен үшін кітаптың ең қызық әрі эмоцианалды тұрғыда әсер еткен тұсы - Джейннің Ловудская школада жүрген кезі. Сондағы оқиғалар өзіме ерекше әсер берді. Бәлкім өзім де интернатта өмір сүретіндігімнен шығар. Сондағы Хелен деген кейіпкер ұмытылмас кейіпкерлердің бірі (мен үшін).
    Ал Джейннің өзіне келер болсақ, көбінесе симпатия туғызды, алайда мойындай керек кей кездерінде ұнатпай қалдым.
    Мистер Рочестор мен үшін құнды кейіпкер бола қойған жоқ. Оның іс-әрекеттері ұнамады. Орысша айтқанда манипуляцияны шебер қолданады екен.

    Не дегенмен Шарлотта Бронтенің жазу стилі ұнады, ары қарай осы автордың “Виллет” деген шығармасын оқуды жоспарлап отырмын.

    like6 понравилось
    171