Логотип LiveLibbetaК основной версии

Рецензия на книгу

Сумерки

Стефани Майер

  • Аватар пользователя
    aleka-19 марта 2021 г.

    Сумерки

    Стефани Майер «Сумерки»

    ___________________________________

    «Сумерки» фильмін көрмеген жан жоқ шығар?! 

    Бұл фильм/кітап көпшіліктің сүйікті кітабы/фильмі ️

    "Сумерки" кітабы - Фанфик жанрындағы ең мықты әрі бестселлер бола білген аты шулы кітап

    Кішкентай кезімде «вампирлар » туралы фильмді қатты ұнатушы ем. Стефанидің "Сумерки" кітабы қорқыныш,триллерден басқа. Ал бұл кітап өзгеше - махаббат, достық, сенім, адалдық, мейірімділік жайлы

    Кітапты оқып отырып, өзімді сол балалық шағым,яғни подросток кезімді есіме алдым. 

    Бұл кітапты әсіресе осы подростоктарға оқуға кеңес беремін

    Мүмкін ересек адам болып, махаббат ️деген нәрсені түсініп,сезіп білген соң болар, кітапты қатты сүйіп оқымадым. 

    Мүмкін сол подросток кезімде бұл кітапты Оқысам қатты сүйіп оқитыныма күмәным жоқ. Оған қоса кітапта диалогтар өте көп Персонаждардың ішкі сезімін қатты баяндайтын классикадан кейін болар, Стефани құдды сол подросток не фильм үшін жазған сияқты сезімде болдым. Ал жалпы айтқанда, тілі жеңіл, қарапайым, миыңызды қатырмайсыздар да, жәйбарақат рахаттанып оқисыздар

    Сабина кішкене өссе, оған сыйлаймын подросток кезінде "махаббат" деген сезімді сезіне бастағанда, бұл кітап керемет сезім сыйлайтынына сенімдімін.

    Кітап та фильм де шынында «пасмурно» тұйық бейнеленгендей, Стефани де сол бейнені жақсы баяндаған. Кітапта Эдвард Каллен өте әзілқой, фильмде ол керісінше, "суық адам". Бірақ суық болса да маған Эдвард ұнайды

    Стефани бейнелегендей бүкіл персонаждар фильмде де тура сондай

    Ал сізге кім ұнайды? Вампир әлде оборотни?

    #twilight #сумерки #стефанимайер #книгоманАлия #книгоедАлия


    3
    206