Логотип LiveLibbetaК основной версии

Рецензия на книгу

Сивилла

Флора Рита Шрайбер

  • Аватар пользователя
    Аноним8 мая 2020 г.

    Балалық шақ - уақыт кеңістігінде жоғалғанымен, санамызда сақталған естеліктер

    ... Шынымды айтсам, бұл кітапқа баға бере алмаймын. Адамның өміріне қалай баға бересің?

    Бұл — жазушының қиялы емес, өмірде болған оқиғаның желісі. Адам сенгісіз оқиға.

    Бойында [миында] 16 түрлі адам өмір сүретін Сивилла туралы осындай әдеби шығарма жазылмағанда, бұл кітап тек қана психиатрлардың оқулығы сияқты болып қалар ма еді?!

    Кітап адам психикасының нәзіктігі туралы жазылған. Бала болудың қиындығы, ана болудың, әке болудың, жалпы АДАМ болудың қиындығы туралы жазылған. Адамдар арасында #мейірім ️ бар жерде #қиындық деген түсінік жоқ екенін түсінесіз. Ал адамның мейірімге деген қажеттілігі сондай — оның орнына нені болса да беруге дайын.

    Мейірімге мұқтаж болған кейіпкер Сивилланың санасы санға бөлінді. Ол ашулана алмаған кезде — барлығына ашулы Пэгги Лу, сенімсіз кезде — өзіне аса сенімді Вики, қатты қорыққан кезде — үнемі қорқып жүретін Пэгги Энн пайда болады. Сивилланың бойындағы осындай 16 тұлғаның барлығының өз шығу себебі бар...

    Кейде бала тәрбиесі туралы нұсқаулықтарды оқып, тренингтерге қатысқаннан гөрі, осындай шын өмірден алынып, ащы ақиқатқа негізделген кітаптар көп нәрсені ұғындырады.

    Бәлкім автордың өз тарапынан аз-маз қосып, әсірелеп жазған жерлері бар шығар. Дегенмен, бұл — оқиғасы өмірден алынған және оқуға сәл ауыр кітап екенін ескеріңіздер.

    6
    907