Логотип LiveLibbetaК основной версии

Это бета-версия LiveLib. Сейчас доступна часть функций, остальные из основной версии будут добавляться постепенно.

Рецензия на книгу

Грех Шолпан

Магжан Жумабаев

  • Аватар пользователя
    SofiyaBenedik27 января 2019 г.

    Мағжан Жұмабаевты ақын ретінде ғана танушы едім. Қателесіппін. Бұл шығарма расында өте қысқа әңгіме болса да, бірақ нағыз қаламгердің қолынан шыққан берері мол үздік туынды.
    Әр кейіпкердің өзіндік бейнесінен біз айналамыздағы адамдардың сан қилы мінезінің қырларын, олардың қандай екендерін байқаймыз. Қытайлықтардың философтары айтқан "Инь-Янь"- әйел мен еркек, қараңғы мен жарық т.б. қарама-қайшылықтан тұратын плюс пен минус заңдылығына сүйене отырып, әйел мен ердің жан дүниесі бір-бірінен мүлдем алыс болатындығы, екі тараптың салқындығы көзге түрпідей тиеді. Махаббат деген ұғымды өздеріңше түсініп, құмарлыққа балап, эгоизмге бас ұрған кейіпкерлердің образы... Шығармаға бір көз салсаң, аяғына дейін асығасың. Жаны алай-дүлей болған әйелдің ақыл таразысына салмай қабылдаған шешімінің салдары өрескел қателік жасауына әкеп соқты. Осының бәрі не үшін, кім үшін? Шыныңда да сүймек жақсы, алайда бір-бірін түсініп, ішкі толғанысын, уайымын білмеу-ғашықтық болмас. Қайшылықтарды реттеуші де осы екі жақ еді, ештеңе шықпады.
    Соңы тым ащы.
    Әрбір кейіпкер-біздің жанымыздың сыртқа ашылмаған құпиясы, олардың іс-әрекеті- біздің өмірдегі жасап жатқан ісіміз, санамызда бүгіп қалған ойларымыз.
    Жазылған тағдыр бір бөлек, бірақ таңдау да бар екенін ұмытпағанымыз жөн шығар. Жүретін жолымызды, адамдарды әрқашан өзіміз таңдамақпыз, бұған өзгені кінәлаудың түкке қажеті жоқ. Соқпағы көп жалған өмір болса да, екі дүниеде де өз орны мен құндылығын жоғалтпайтын қасиеттердің бары ақиқат. Әрбір жасаған таңдауымыздың күнәға жетелеуші болмауына көз жеткізуді ойланайық.

    Обложка книги

    Грех Шолпан

    Магжан Жумабаев

    0

    (0)

    like6 понравилось
    1,9K