"Ауыл иттері Ахмет... «Бір кем дүние»
_Sarcasm_Provider30 мая 2024"Ауыл иттері
Ахмет Байтұрсынов: - Қиналмайды абақтыға жапқаны, қиын емес дарға асқаны, атқаны. Маған ауыр осылардың бәрінен өз ауылымның иттері үріп, қапқаны, - деп еді-ау. Әттең, дүние-ай, 1937 жылы біздің әкейді де өз ауылымыздың шолақ белсенділері нақақтан жала жауып, ұстатып жіберді де, жоқ қылды ғой. Обалы кімге? Қорлықты көп көрдік қой. 1937 жылы "халық жауы" деп ұсталып, атылған, айдарған, асылғандардың бәрі кейін ақталды. Бірақ жазықсыз жапа шеккендер қайта тірілген жоқ. Бір кем ғана дүние ме екен? Орны толмас орасан обал дүние."
1 понравилось
140