БЕКБОЛАТ БАТЫР
ИСА ДƏУКЕБАЕВ
Июнь жарлығы
Он алтыншы жылында,Жиырма алтыншы июньде,Даланы қара бұлт басты,Нажағай ойнап от шашты.Жым-жырт жатқан сахара,Басқандай болды албасты.Зілді кезең кездесіп,Кəрі-жастан сұр қашты.Жарлығы шығып патшаның,Ел сенделді, ер састы.Ежелгі кек оянып,Көтеріліп жұрт дуласты.Қырып-жойып қазақты,Фольбаум1 шықты кіжініп,Айдамақ боп соғысқа,Шетінен тізіп қызығып.Жандарал қатты ақырды,Офицерін шақырды.Күндіз-түні сөйлесіп,Тапты жауыз «ақылды».– Ауыл басы бір сыщик2Жіберсек елге мақұлды.Бар, сыщиктер, барыңдар,Елден хабар алыңдар.Жорға менен жүйріктіЫлау атқа алыңдар…Көнбегенді көндіріпКүшпен жөнге салыңдар.Бас көтерген жан болса,Оқпен тəнін жарыңдар!
***
Біреу олай сөйлейді,Біреу бұлай сөйлейді:– Баланы қолдан бергенше,Патшаға қарсы тұрамыз,Өлсек шəһит боламыз.Ноқталы басқа бір өлім,Жас баланы берген соң,Қайтып шыдап жүреміз?!
Кілең қыршын жастардыҚырғызғанша Германға,Бала-шаға, кемпір, шал,Өзіміздің мекендеӨлген артық онанда. –Мына сөзді есітіп,Даладан келді сыщиктер.Айтып келді білгенін,Бірер жұма далада«Саяхаттап» жүргенін.«Сұры жаман қазақты»,Көздерімен көргенін.Патшаға жігіт бергенше,Жақсы көрер қырылып,Өз жерінде өлгенін.Жолықты бізге көп қазақ,Қайнаған оттай шоқ қазақ,Ауыл сайын біз бардық,Ықыласы жоқ қазақ.Фольбаум тақсыр, жанарал,Қазақ əскер бермейді,Бұл сөзіме құлақ сал.Қанға былғап қолдарын,Беруге қимай ұлдарын,Көзім көрді көп қазақСерт айтысып тұрғанын.Мына сөзді есітіп,Офицерлер бірікті.«Жаман да болса қазақ көп,Салса, салар бүлікті» –Деп жиылып бас қосып,Патшаға беріп телеграм,Хабар күтіп тұрысты.
ЕЛДІҢ ҚАМДАНУЫ
Не болса да болды, – деп,Құрбан қылдық жанды, – деп.Азар болса өлерміз,Не салғанын көрерміз,Аянып мұнан қалғанмен,Неше жүзге келерміз.Аянатын не жан бар,Көп күшіне сенеміз.Көп түкірсе көл деген,Алты миллион шырақпыз,Солар сөнсе сөнерміз.Егер солар сөнбесе,Біз-дағы көпке ерерміз.Атқа мінген азамат,Ерікті соған береміз.Айыр, тырна қолға алып,Фольбаумға бар қарсы.Соғысайық қозғалып,Ақ сарбасты сойғызып,Қымызға елді тойғызып,Жұрт жиылды айғайлап,Ырым қылып өзіншеБір ағашқа ту байлап,Көп қалайық көтерді,Бекболатты бас сайлап.
Елге əскер шығуы
Жандаралдар, төрелер,Бір жерге қосты бастарын,Патшадан хабар алады:«Атыңдар да, шабыңдар,Қырғыз бенен қазақтыңБұйрығына патшаныңМойын сұнбай қашқанын.Патшашылдар, офицерЖалаңаштап қылышын,Суырып қынынан алады.Құралсыз жатқан халыққаАт ойнатып, оқ атса,Көңілдері толады.Таң атқанша отырып,Алматыда төрелерПлан құрып қарады.Ауылға отряд шығарып,Қызығына қарады.Сол уақытта ұрыстыңБасталар кезі дəл болды.Біреудің біреу малына,Ие болар күн болды.Патша əскері қазаққаКүйе болар күн болды.Айдағаны əскердіңТүйе болар күн болды.Үсті-басы қазақтыңҚайраған өткір қылышқаШие болар күн болды.Қой қозылар шуылдап,Тебінгі, тоқым салпылдап,Шал мен кемпір айтқаныЖүйе болар күн болды.Жайылмыс жар шақырып, мал сояды,Жиылып соғысуға қол қояды.«Басталық ырым қылып біз бір соғыс», –Деп шулап қырғыз, қазақ ат қояды.
Ал сонда Жайылмыстың қуанғаны,Бекболат ішіндегі ту алғаны.Бұқара қалың халық соңына еріп,Соғысқа ер азамат дайындалды.
Қару жоқ, қарап тұрып салмақ ойран,Есте жоқ, қарусыздық шыққан ойдан.Кісідей тойға барар қуанып жүрБолар деп ойламайды дүние ойран.
Қолыма қалам алсам сөз келеді,Құлағың естігенді көз көреді.Арғынның үш-төрт үйі орта жолда,Айыспай деген адам кез келеді.
Қайда бара жатырсың, батыр, – дейді, –Жолдасың болса бері шақыр, – дейді.Бекболаттың тіктірген туы қайда,Жайылмыс елімісің ақыр, – дейді.
Бұл сөзге патша əскері ашуланды,Сұрланып іштеріңе тартты қаныЖоқтайтын Бекболатты сенбісің деп,Жазықсыз жазалады Айыспайды.
Офицер қылышпенен салып кетті,Өткір қылыш шекесін жарып кетті,Жығылып аттан құлап қалды өліп,Жаны шықпай, есінен танып кетті.
Артынан шауып келді бір баласы,Қан болған атасының үсті басы.Бір солдат жетіп келіп қылыш шапты,«Первый починға» деп, қылыштапты.Екеуі екі күндей жатты-дағы,Қараңғы көр ішінен орын тапты.
Үстіне Үшқоңырдың келді жетіп,Дүрбімен алыс жерді жақын етіп.«Жаудың сырын жау білмес» деген бар ғой,Малышовтың тұрады есі кетіп.
Жайылмыстар ойлайды əр ақылды;Мыңдар жылап, сол кезде біреу күлді.Көп үшін мен құрбандық болармын деп,Қорқыныш жүрегіне суық кірді.
Бекболат білдірмейді көпке сырын,Қылыш, мылтық күші бар жаудың түрін,«Жаным, тəнім кем емес Николайдан,Жарақсыз, жабдықсызбыз, бер ақырын.
Жау келді жабдығы бар қасымызға,Іс болар қиынырақ басымызға.Көп жылқыны бұл жауға қарсы айдасақ,Бір қайда болмас па екен осымыз да?»
Көпшілік мына сөзді мақұл көрді,Айдасақ көп жылқыны ақыл деді.Əр байдың жылқыларын айдап кел, – деп,Өзінің жігіттерін шақырды енді.
Жігіттер жылқы айдауға іздеп кетті,Сол кезде құралды əскер келіп жетті.Барады неше жерден мылтық атып,Қарусыз сорлы қазақ есі кетті.
Кім шығар қарулы қол күресіне,Оқ тиді Əбіліштің биесіне.Ту түсіп қолындағы кеткеннен соң,Ұмтылды жолдасына мінгесуге.
Əр жерден жігіт келді жылқы айдаған,Екі жүздей жылқыны жолға салған.Быт-шыт боп қазақ қашты əр тарапқа,Қарусыз қара қанға батқан заман.
Əскер қайтты жылқыны жолға салып,Көп қумады қазақты тауға асырып.Ар жағында бар шығар қара қырғыз,Деп ойлап, жаман қатты қауіптеніп.
Соғыста талай кісі шығын болды,Жүз елу жылқы жауға тығын болды.Европа, Азияны жеңгендей-ақ,Шуласып жылқы айдады əскерлері.
Əуелі Бекболатты əкетті айдап,Ат үстінде аяқ, қолын мығым байлап.Артынан қалғандарын қоса айдап,Бишара түсті қолға зығыр қайнап.
Ел-жұртым, аман болғын, жамағатым,Жалғыз-ақ менің болсын жаман атым.Көп үшін жаным құрбан демедім бе,Ермек деп біздерді де тапқан қатын.
Ел-жұртым, аман болғын айтқан сөзім,Құрбандық бəрің үшін жалғыз өзім.Бір жыл ма, жарты жыл ма, менен кейін,Мұның да айналдырар біреу өзін.
Іркілмей мына сөзбен жүріп кетті,Ишарат қып мойнын бұрып кетті.Жасауыл қазақ-орыс жан-жағында,Шулаған итше қамап, үріп кетті.
Жігіттер қырғын тауып майдандасқан,Солдатқа кетті жастар Жайылмыстан.Үшқоңыр мен Құмбелдің ортасында,Ұрғашы, бала-шаға шуылдасқан…
Əйелдердің жылағаны
І өлең
Біз де адамнан туып ек,Адамбыз деп жүріп ек.Сары ала шенді ұлыққаҚандай кінə қылып ек?
Алым бермей қойдық па,Тартып алып бұлардыңМалын бермей қойдық па?Сендердің де біздей боп,
Бала-шағаң шуласын.Үстіңдегі падишаңАпиын жеп уласын.Жолыңды сенің қылмасын,
Астында жалғыз атыңды,Ұрылар келіп ұрласын.Қатының бала тумасын,Жуас атың астында
Қарап жүріп туласын.«Ақ патшаңның» сүйегіАйналадан қурасын!Қазақтың жеңсін ботасы,
Николай залым бурасын.Біздердей кемпір, шалдарың,Басқалардың қолындаПлен болып мұңласын.
Мұңланған сенің сөзіңдіБасқалар күліп тыңдасын.Бүгінгі бақыт, тақытың,Бір жылға да тұрмасын.
Орақ орып, масаққа,Қаңғырып кетсін ұрғашың.Еліміз қалды иесіз,Қайтейін, ойбай, бас ием,
Қайда бір кете қу басым…
ІІ өлең
Пленге кеткен иеміз,Иемізге күйеміз.Бəрін қырмақ болыпты,Енді кімді сүйеміз.
Қалғанға иесіз ұқсайды,Қой, жылқы, сиыр түйеміз.Бар еркектен айырылып,Қанатымыз қайырылып,
Қайтып тірі жүреміз,Қалайша өмір сүреміз,Қайтып күнді көреміз,Біздей болсын қатының,
Сары ала шенді төреміз.«Үміт алда» деген сөз,Түбіңді, төре, көрерміз.Бізде бір жұртқа ереміз.
Бар еркектен айрылсақ.Амал бар ма зорлыққа,Залымдар қылған қорлыққа.Есігінде əркімнің
Зарлап бір күн көрерміз.Бір жылаған жылаудар,Саған да болсын лайық.Бар еркектен айырылып,
Жыламай қайтып шыдайық.Жылап қолдан келер жоқ,Сабыр етіп тұрайық.«Ер кезегі – екі» ғой,
Сынармыз, тағы сынайық.Шашылып кеткен қой-қозы,Тау мен тастан жияйық.Еркек жоқ, елде ұрғашы,
Қайда барып сыяйық.Ауыл толған жебірлер,Қалағанын алып тұр,Ақырын күтіп шыдайық.
Бұқарасын талағанХан құриды, деуші еді,Береке жерден кеткенде,Дəн құриды деуші еді.
Жұт келгенде араға –Бал құриды деуші еді.Ажал келсе адамға,Жан құриды деуші еді.
Хан таласа өз халқын,Бұл сөз де жаман бір салқын,Көп ұзаққа кетпей-ақ,Хəл құриды деуші еді…
Ұлықтардың Бекболаттан жауап сұрағаны
Жайылмастан еркек жоқ мінген атқа,Қой адасып, маңырап жүр əрбір жақта.«Хан3 не жауап қылады»? деп төрелер де,«Шақыр», – деп бұйрық қылды Бекболатқа.
Канвоймен Бекболатты айдап келді,Қолдарын, аяқтарын байлап келді.«Хан келді», – деп төрелер мазақ қылып,«Дурак, дурак», – деді де күле берді.
– Бекболат, хан болғалы көп болды ма,Пулемет, зеңбірегің жоқ болды ма?Əскерлерің орақты орып жатыр,Ішің – жалын, сырт жағың шоқ болды ма?
Бекболат, ақ патшаны білемісің,Дүниеде енді тірі жүремісің?Əскерің, қазыналарың қайда кетті,Тағы да бар ма тауда артық кісің?..
Алтын мен күміс қайда, əскер жидың?Мөрі қайда, басылған болыс-бидің?Қанша түйе, қанша арба оқ пен дəрі,Соғысуға оқ, дəрі қайда қойдың?
Қарыныңды, хан Бекболат, жарайын ба?Басыңды тік тұрғанда алайын ба?Бір болыс ел жиылған өліп кетті,Қазақтың зиян қылдың талайына.
Пейілің қара, битің көп, қызыл бетің,Ажалға жерік болған бұл ниетің.Жайылмыстан Фольбауым жан қоймайды.Артыңда балаларың болар жетім.
Артыңда қор болады бала-шағаң,«Хан Бекболат» болар ең келсе шамаң.Хандыққа, қара қазақ, жете алмассың,Не болар деп ойлайсың сенің жазаң?
Қанша адам соғысуға ту ұстаған,Қанша жұрт «жəрдем қылам» деді саған.Жолдастарың бəрін де айтып берсең.Мархабат болад сөзсіз падишадан.
Жолдастарың жаздырғын бірін қоймай,Ұмытпай, тастамай айт, ойлай-ойлай.«Көптің қылған ісі» деп айтып берсең,Жеңіл кіна кесілер, ауыр болмай.
Жалған айтсаң, жарты күн тұра алмайсың,Күн мен айдың жарығын көре алмайсың.Жолдастарыңның жасырсаң біреуін де,Дүниеде сен Бекболат бола алмайсың!
Айтпасаң ауыр жұмыс басыңда тұр,Өзіңді дар ағаштың қасында көр.Егерде дар ағашы жаман болса,Жайылмыстың адамын жасырмай бер.
Нан-тұзын ақ патшаның ұмытқаның,Көңілді ақ патшадан суытқаның.Жолдасыңды аз айтып, қайла қылсаң,«Хан» басыңды қан қылып құрытқаның.
Бекболаттың жауабы
– Рас, мен соғысуға шықпақ болдым,Басыңды жер астына тықпақ болдым.Рас десең, рас сөз мен айтайын,Ақ патшаның тұқымын құртпақ болдым.
Ту тіктім ел жұртымды жиып алып,Жауға қарсы аттандым ойран салып.Айтқанынан қайтқанша өлген артық,Ер болам ба сертімнен кетсем танып.
Жалынып, жаным сұрап жыламаймын,Айтқанын падишаның қыла алмаймын.Пəленше жолдасым деп айтып беріп,Кіріптар оны саған қыла алмаймын.
Өзің біл, өлтіресің бе, соясың бар?Қаныма, қан ішерлер, тоясың ба?Етімді қазанға сап қуырып жеп,Қазымды падишаңа қоясың ба?
Мен елге жарлық қылдым, жиыл дедім.Көпшілік өз күшіне сиын дедім.Əділдіктен тайып тұр «ақ падиша»,Рабочий4 сұрауы оның қиын дедім.
Желігіп Германменен соғыс аштың,Əділетті аяққа қор ғып бастың.Жеңілген соң қазақтан «помощь» сұрап,Қылыштап бұқараның қанын шаштың.
Жарай ма осы қылған ісің, төре,Маған, сірə, жетеді күшің, төре.Не қылсаң да еш жаққа кете алмаймын,Кісендеп аяғыма салдың өре.
Жолдас жоқ, жора да жоқ, қылдым өзім,Екі аяқ, екі қол екі көзім.Асып же, қуырып же, керек болсам,Осымен таман болды менің сөзім.
***
Сөздерін Бекболаттың жазып алды.Жаман көріп көзінің қырын салды.Өлтірмесе қазақты бұзады деп,Көп төрелер жиылып, ақылға алды.
– Ал айда «ханды» жалғыз тұрар жерге,Жалғыз жату лайық мұндай ерге.«Жолдасым жоқ» дегені батырлығы,Таласын қандала, бит, жесін бүрге.
Ақыры біз айтқанға келер, – дейді.Жолдасын өзі-ақ айтып берер, – дейді.«Жалғыз өзім қылдым» деп жалған айтса,Асылып кешікпей-ақ өлер, – дейді.
Соныменен жата тұрсын Бекең марқұм,Тыңдаңыз ұзақ кетпей сөздің парқын.Жетпіс кісі Бекболат жолдасы бар,Орнына келтірді енді закон артын.
Би, қожалардың жауабы
Төрелер мекемеге жиылады,Ал кел деп Жайылмысты бұйырады.Түнімен Жайылмысты сұрап-сұрап,Бітіруге уағада қылынады.
Бірінші алып келді Нəзірбекті,– Қаншада сен, кəрі шал, жасың, – депті.Падишаның нан-тұзын ұмытыпсың,Қалады-ау дар астында басың, – депті.
Жау болдың падишаға не себептен,Білмедің өлеріңді есің кеткен.Балалықпен дей-тұғын жас емессің,Ит екенсің сексенге жасың жеткен.
Елді жөндер қария сен бе, дурак,Жалған жауап біздерге берме, дурак.Жолдасы Бекболаттың қанша жан бар,Жасырмай, жаппай мұны айтқын бірақ.
– «Бекболат Жайылмысқа қылды зорлық,Қорыққан соң ту тіккен жерде болдық.Басқамыз падишаға қарсы емеспіз,Айналайын, тақсыр-ай, сізге құлдық».
Келеді мұнан кейін Кенбей қажы,Бек қиын Жайылмысқа заман сазы.– «Сəт болыстың ағасы сен екенсің,Ажалдан құтыларға бар ма ылажың?
Падишаның нан-тұзын ұмыттың ба?Бойыңды мүлде бізден суыттың ба?Ту тігіп, Үшқоңырға əскер жиып,Тұқымыңды, қу қазақ, құрыттың ба?»
«Қарсылық қыла алмаймын сізге, төре,Бекболат зорлық қылды бізге, төре.Бəрімізді айдады қамшыменен,Қашып та келе алмадық сізге, төре…»
***
Бəрі де жапты жала Бекболатқа,Бекболатта уайым жоқ, көңілі шатта.«Қайда барса бір өлім болар» – деген,Сəламат қалған елді өзің сақта.
Көп сөзден аз сөз шырын деген еді,Сұрақтың бəрін айтсам көбейеді.Таң атқанша адамның бəрін сұрап,Айдатып абақтыға жібереді.
Екінші сұрақ болар неше күнде,Қарауыл қатты қойды күндіз-түнде.Қатты ұстап, күннен-күнге қысып жатыр,Ой кетті орағытып сол жөнінде.
Бекболаттың сұрағы болды жақын,Сөзімнің парықтап ал алдын, артын.Фольбауым падишадан хабар алып,Кеңесіне шақырды төре халқын.
Бұйрығын падишаның білдіреді,Қара жер қозғалғандай күркіреді.Қабағына қар тұрып, мұртына мұз,Дар ағашқа арқанды ілдіреді.
Ажалы Бекболаттың жетсін, – дейді,Сұрағы екі күнде бітсін, – дейді.Басқа бір маслихат бар көп төрелер,Мынау іс бұрын өтіп кетсін, – дейді.
Фольбауым ашуланды қаһарланып,Суырып өз қылышын жалаң алып.Сот үйіне Бекболатты шақырады,Бекітіп аяқ, қолын кісен салып.
Бекболаттан екінші рет жауап алуы:
Бірінші сұрағанда жөн демедің,«Ту тігіп, əскер тартқан мен», – деп едің.Жолдасыңнан жаздырмай жалғыз адам, –Бəрің де өзім қылған іс, – деп едің.
Көрейін ерлігіңді дар түбінде,Ажалың жақын келді жарты күнде.Падиша телеграммен сұрап отыр,Қалай да жолдасыңды айтуыңды.
Жауап бер, жаның қалар, «хан» Бекболат,Біз айтқан жақсылыққа нан, Бекболат.Мойнына қылған айыбын алып жатыр,Патшаның тұзын татқан сендей-ақ Сəт.
Жолдас тап, қаның ақпас, жаның қалар,Қыр Сибирь – бөтен жұртта тəнің барар.Расын «хан» Бекболат сөйлесін, – деп,Сенат пен хабар берген падишалар.
Əлде болса айтып қой қанша жолдас,Патшаға қарсы болған қажақ болмас,Жолдасыңды барынша айтып берсең,Өз басыңа аса ауыр жаза болмас.
Қақихат анық сөздер осы хабар,Расыңды сөйлесең пайдасы бар.Егер де біз Германды жеңіп алсақ,Ғажап емес жолықса «мүнапастар»5
Надандық, ақымақтық қылған ісің,Барынша список қыл, қанша кісің.Кінəңды мойнына алып жолдас тапсаң,Жеңіл жаза тартасын оның үшін.
Бұрынғы таста айтқан батырлықты,Ақ патшаға ойлаған «татулықты»Соғысқа атқа мінген қанша адам,Сен қылма ақымақтарға жақындықты.
Көп жиылып сен хан бол деген шығар,Тай сойғызып, сары қазы жеген шығар.Ел ішінде біздің де елшілер бар,Бізге де осы хабар келген шығар.
Бұл сөзге «мақұл» деп қой, жазсын писарь,Басыңа жаздырмасаң қатты кесір,Қазынаға мал мен басың бəрі түсіп,Бала-шағаң болады жетім-жесір.
Тұқымың дүниеде орын алмас,Шен алып падишадан формданбас.Он басыңа жарамас сенің затың,«Ақ патшаға жау» деген сөзде қалмас.
Онан да ойлап қара, ақылға кел,Шайтанға жолдас болма, жақынға кел.Жайылмыстан қанша адам ту көтерген,Өзің айтып жаздырып писарьға бер.
Мұны қылсаң, аз күнде құтыларсың,Болмаса дар түбінде тұтыларсың.Құдайға, падишаға күнəкар боп,Қара жерге қан болып жұтыларсың.
Жауапты падишаға берер шағың,Осңынан көп төренің ерер шағың.Ажал да, жақсылық та қатар келді,Ақыл ойлап, расқа келер шағың.
Көпті қорғап, көмусіз қалдың, батыр,Рас айтсаң, басыңды алдың, батыр.Жолдасыңның бермесең бəрін жазып,Мойныңа дар арқанын салдың, батыр.
Бекболат, «білмеймін» деп көңілің тоқ қой,Дарға асқанды еш қазақ көрген жоқ қой.Бағынғалы бұл қазақ ақ патшаға,Қазақта сендей қарсы болған жоқ қой.
Сол себепті ашылды дарға закон,Бұзылып соғыс болды дүние бүтін.Сен сияқты ақымақ көбейген соң,Келіп тұр телеграм соның үшін.
Жауап бер, көп ойлама қаның қашып,Жауап берме, өлімге болсаң ғашық.Тұқымыңнан еш еркек қалдырмайды,Таңда да, ал керегін, айттық ашық.
Ишара ғып айтқанды ұға алмайсың,Өз басыңды қорғауға шыға алмайсың.Оқымаған надансың, қара қазақ,Өлім жақын келгенін біле алмайсың.
Жауап бер не де болса, ақымағым,Біз құтылдың, өзіңде өз обалың.Сен өлсең, бала-шағаң қайыр сұрар,Қазынаға түседі барша малың.
Жан-жақта бар қылыштар жарқылдаған,Жаудан қорқып Бекболат тартынбаған.Дəл сол үйдің алдында жана артында,Қорқытуға көп мылтық тарсылдаған.
Бекболаттың жауабы
Ел жидым, тай да сойдым, қой да сойдым,Үстінен шықтым ажал деген тойдың.Соғысқан патшаларға түк қыла алмай,Мен үшін дарға арқан байлап қойдың.
Мені өлтірсең жайыңды алғандайсың,Көп пұлды қазынаға салғандайсың.Андижанның қасабы сияқтанып,Дара арқанын даярлап жалмаңдайсың.
Əділдік жоқ сендерде, төремісің?Менің жаным өзіңдей көремісің?Ату мен союменен қорқытасың,Балаңа бүйрегімді беремісің?
Бəрі рас Жайылмысты сабағаным,Соғысқа шықпағанын қамағаным.Басында жауабымды айтпадым ба,Қайта сұрап ештеңе таба алмассың.
Жолдасым – қолымдағы қамшы менің,Меніменен бітпейді сенің кегің.Соғысқан падишаға түк қыла алмай,Бұл жерде мен болдым ғой сенің жемің.
Қорқытасың тұқымым қалмайды деп,Сайлауға ұрпағыңды алмайды деп.Қазақ, қырғыз еліміз аман болса,Патшағар, сенен бір күн алады кек.
Қазақтың жерін де алдың, суына да алдың,Біреуің алпыс десе егін салдың.Қазақтан қалағанның бəрін алып,Алатау қар түбіне қуып бардың.
Қазақ-орыс байында арман бар ма,Мещан мен крестьян мұнды зарда,О-дағы біз сияқты құл боп кеткен,Теңдікке жетер бір күн заман бар ма?
Падиша залым болды бұқараға,Бұқара қарсы тұрмай болмас шара.Бүйте берсең бұқара өзіңді алар,Төрелер, мұны-дағы ойлап қара…
Соттың үкімі
Ал сонда ашуланды соттың басы,Тік тұрды мына сөзге баста шашы.(Тыпырлап асау жылқы сияқтанып,Тентегін патшағардың қарасаңшы!..)
Расын өмірінде айтпас дурак,Бір сөйлеген сөзінен қайтпас дурак,Өз обалы өзіне өле берсін,Нан-тұзды бүгіннен соң татпас дурак.
Сол уақытта сот члені жиылады,Жиылғанда төрелер не қылады.Ертең сағат сегізде дар басында,Болуға Бекболатқа бұйырады.
– Қамай тұр таң атқанша «ханды», – дейді, –Көп беріп тойғызып қой нанды, – дейді. –Қайтпайтын айтқанынан ақымақ екен,Неше жүз жолдасынан танды, – дейді.
Ол түнде Бекболатты айдап кетті,Аяқ-қолын темірмен байлап кетті.Дарға ер Бекболат асылад, – деп,Жамиғы төрелерге мəлім етті.
Бесінші сентябрьде қылды кесім,Бекболат қорқып, сасып, танбайды есін.Бетінен нұры шығып, балқып отыр,Өлімнің бəрі бір деп ерте-кешін.
Бекболат дарға бара жатқанда
Бекболат марқұм жөнелді,Атты қазақ-орыстар,Қамап алып келеді,Музиктары қолында,Неше мың жан соңында,Вильгелмді6 алғандай,Түсті əскер формға.Көк арбамен жиылды,Көк мылтықты көпіртіп,Көкке қарап келеді.Ер Бекболат сияқты,Бекке қарап келеді.Бекболат ер ашулы –Шетке қарап келеді.Елден адам бар болсаСəлем айтсам жұртыма, –Деп те қарап келеді.Дар түбіне барадыЖан-жағына қарады.Ауылдасы МұстафаДереу келе қалады.Қуану-қорқу барабар,Көзіне жас алады.– Абдаолаға сəлем де,Танырсыз менің баламды.Басқа сөзге уақыт жоқ,Мойныма арқан салады.
Дар түбінде төрелердің Бекболатқа айтқаны
– Бекболат, танимысың құрған дарды!Даярланып мойныға тұрған дарды.Бұл дардан аман-есен сен қаларсың,Жасырмай жазып берсең жолдастарды.
Əлде болса төрелер «айтсын» дейді,Бұрынғы сөздерінен қайтсын дейді.Мал-басы аман қалып, дүниеде,Патшаға біраз қызмет тартсын дейді.
– Əркімнің жаны басқа, тəні басқа,Расын айтсын дейді саған патша.Фольбауым саған бізді жіберіп тұр.Кінə жоқ жасырмастан расын айтса.
Тағы да салды сөзге Бекболатты,Емес қой Бекболаттың жаны тəтті.Басын қорғап айтары осы жер деп,Он минуттай бостандық бер деп айтты.
Бекболаттың жауабы
«Үшінші сөзге салдың осыменен,Өлтіргелі жатырсың шошып менен.Сен итке қысқа жауап қылмадым ба,Қайта-қайта сұрайсың несін менен.
Секілді бір асау ат, келдің байлап,Итше шұбап төрт жүздей солдат айдап.Бір кісі келсе-дағы өлтіреді,Мойныма буындырған арқан байлап.
Мен бұрынғы сөзімнен қайта алмаймын,Жаннан қорқып басымды тарта алмаймын,Басым түгіл етімді пісіріп же,Мұны неге жейсің деп айта алмаймын».
Төрелер қаһарланды соныменен,Бек қатты қарсыласқан жөніменен.Түрменің дəлі ішінде болса егер,Ұрар еді тепкілеп, қолыменен.
Бекболаттың ақырғы сөзі
Бекболат айтқан сөзі өлер шақта:«Дұғай сəлем тапсырам көп Дулатқа.Ағайын бірге туған Шапырашты,Албан мен сəлем айтам Суан жаққа.
Сəлем де Орта жүздің баласына,Кіші жүз, Орынбордың қаласына.Ағаңды асып отыр Алматыда,Зарлауыма құлағыңды саларсың да.
Дұғай сəлем айтайын қырғызыма,Жауға қарсы шабатын құндызыма.Жас баланы бергенше қырылып қал,Құрбандық болмайсың ба ұл, қызыңа…»
Сонымен өліп кетті Бекболатың,Туысқан жақтап кетті азаматын.Қанша қинау болса да сөзден таймай,Елі үшін құрбан болды асыл затым.
Қайтпады бір сөзінен азаматың,Жиылған жылап тұрды жас пен қартың,Бұрын дарды көрмеген Жетісуда,Жиылған қайран қалды жамағатым.
Ойлайды крестьян да əрбір пікір,Ісі емес бұл закон деп ыбыр-жыбыр.Ішінен жаны ашып бұқараның,Көңілі жаман қатты бұзылып тұр.
Көп адам ой ойлайды сол арады:«Бəріміз де келесіз бұл араға.Бұрын мұндай законды көре алмадық,Қайдан мұны шығарған жүзі қара.
«Тамаша» көрген халық қайтып кетті,Түсі суық тұрғандарды айтып кетті.Бұрынғылар: «Басқа жау алар», – деген, –Низамын басқа қылса үкіметті», –
Деп қалайық көңілі суып қалды,Көп адам жылап бетін жуып қалды.Əлдеқандай бұл заман болады, – деп,Бітпестей жұрт көңіліне жара салды.
Страницаиз1
СкороКнижный режим












