Дулат Исабековтің шығармаларында қоғам, әлеумет, не тарих емес, адам жаны әрдайым басты планда. Ол өзінің әңгімелері мен повестерінде жұрт ішінде жүрген, бірақ сол жұрт байқай бермейтін елеусіз жандардың ішкі жан-дүниесін, олардың тауқыметті тағдырын терең суреттейді. Мәселен, қолыңыздағы кітапта берілген Сүйекші повесінің кейіпкері Тұңғыш сияқты диуана, қабір қазушы секілді кәсіптен несібесін айырған жандардың арман-мұраты, тыныс-тіршілігі көп адам үшін беймәлім. Жазушының қырағылығы мен шеберл...