
Ваша оценкаЦитаты
_Sarcasm_Provider29 мая 2024 г."Өлтіру оңай, тірілту қиын
Соттар қателесіп, кінәсіздерді өлімге бұйырады. Кінәсіз екені анықталғанда қайтадан тірілте алмайды. Не істеу керек?
Бір кем дүние.
"Халық жаулары" дегендердің көбі солай өлтірілді."2147
_Sarcasm_Provider9 августа 2024 г.Қазақстан қайыршы болатындай сорлы емес. Оны сондай болуға мәжбүр етті.
146
_Sarcasm_Provider9 августа 2024 г.... Мәңгілік ешнәрсе жоқ.
Мәңгі тек Құдай ғана. "Бір Алладан басқаның бәрі өзгермек " (Абай).137
_Sarcasm_Provider30 мая 2024 г.Читать далее"Ауыл иттері
Ахмет Байтұрсынов:
- Қиналмайды абақтыға жапқаны, қиын емес дарға асқаны, атқаны. Маған ауыр осылардың бәрінен өз ауылымның иттері үріп, қапқаны, - деп еді-ау.
Әттең, дүние-ай, 1937 жылы біздің әкейді де өз ауылымыздың шолақ белсенділері нақақтан жала жауып, ұстатып жіберді де, жоқ қылды ғой. Обалы кімге? Қорлықты көп көрдік қой.
1937 жылы "халық жауы" деп ұсталып, атылған, айдарған, асылғандардың бәрі кейін ақталды.
Бірақ жазықсыз жапа шеккендер қайта тірілген жоқ.
Бір кем ғана дүние ме екен? Орны толмас орасан обал дүние."1107
_Sarcasm_Provider30 мая 2024 г."Жоғалған тіл
"Болашақ" деген шығып, бай балалары шет елде оқып, бірсыпырасы сол жақта қалады. Бірсыпырасы елге қайтады. Білімі жақсы, істі біледі. Бірақ тек орысша, иә ағылшынша сөйлейді.
Қазақшасы жоқ.
Бір кем дүние."137
_Sarcasm_Provider29 мая 2024 г."Дәнек
Кейбір бастар ішінде дәнегі жоқ жаңғғаққа ұқсайды.
Ондайлар көп қой.
Бір кем дүние."142
_Sarcasm_Provider29 мая 2024 г."Тым... тым...
Патшаға тым жақындама,
Тым алыстап та кетпе.
Ол да от сияқты:
Тым жақындасаң - күйіп өлесің,
Тым алыстасаң - үсіп өлесің.
Бір кем дүние."140
_Sarcasm_Provider29 мая 2024 г."Құнықпа
Алтын өзі тотықпайды,
Адамдардың жанын тотықтырады.
Бір кем дүние."138
_Sarcasm_Provider10 августа 2024 г.... Ораза тек ашығу емес.
Ораза - жақсы мінез қалыптастыру. Тәрбиелі тақуа болу.
Бір кем дүние.054
_Sarcasm_Provider10 августа 2024 г."Жаманнан жақсы туады,
адам айтса нанғысыз.
Жақсыдан жаман туады,
бір аяқ асқа алғысыз."
Халық даналығы066