
Ваша оценкаЦитаты
Balzhan_daut20020 июня 2025 г.Читать далее«Масаң адам әрі керең, әрі соқыр, онда ақыл-парасат болмайды. Оның ой -білігі, дарыны түкке де тұрмайды. Ол ұятқа қалудан басқа ештеңе тындырмақ емес. Ішкілікке салынған ел билеушінің қолынан ешбір ұлы нәрсе келмейді. Ішкілікке құныққан әскер басшысы өз сарбаздарының жауынгерлік сабын өз билігінде ұстай алмақ емес. Ал, масаң ноян өзі атқан садақ оғының қайда, неге тигенін білмейді. Егер ішімдіксіз болмайтын болса, ең көп дегенде айына үш мәртебе ішкен жөн. Не бір-ақ рет ішсе қандай оңды, тіпті ішпей қойса өте дұрыс - ақ. Тек, ондай мүлдем ішпейтіндерді кездестіру қиын».
1140
Balzhan_daut20020 июня 2025 г.Кім-кімге де әркімнің туған жерінен, өскен мекенінен қымбат не бар?!
Тіпті, әлденеге бола таласып қалсаң да, сезім-түйсігің, намысың бір болған соң, біріңнің қолыңды бірің шауып тастай алмайсың.1111
Balzhan_daut20020 июня 2025 г.Алдағы арманың үлкен болса, жас шағында адам өлімді ойламайды. Ал сол арманың орындалып, жасың келген кезде адамға қалған өмірі өте қымбат.— Бату ауыр күрсінді,— иә, адамға не жетпесе сол бағалы...
04
Balzhan_daut20020 июня 2025 г.«Топ итті жолбарыс басқарса, күндердің күнінде топ ит жолбарысқа айналады. Ал топ жолбарысты ит басқарса, ақырында барып әлгі топ жолбарыс ит боп кетеді».
05
Balzhan_daut20020 июня 2025 г.Читать далееЖоқ, мен өйте алмас едім,— деген ойланып Шыңғыс хан,— саған бәрін тастау оңай, атақ - бақты да, дәрежені де... Өйткені сенің артыңда үрім-бұтағың жоқ қой. Ал маған олай істеуге болмайды. Төрт ұлым — төрт жиеһангер, әр немерем — әр елдің ханы, шөберелерім де ат жалын тартып міне бастады. Менің даңқым енді солар арқылы қанат жаяды...
Ал өзіме өмір сұрап алғанмен үрім-бұтағымды осы күнгілеріндей атақ - бақ, дәрежеге жеткізе аламын ба? Тек өз басым үшін ғана емес, солар үшін де күресіп, алысып-жұлысқан жоқпын ба? Жоқ, өйте алмайды екенмін. Менің сұрап алмақ өмірім, оданда үрім-бұтағымның игілікті өміріне айналсын. Сонда олардың әр жеңісінен, әр алға басқан адымынан мен қайтадан туамын. Үрім-бұтағым өмірімнің жалғасы. Егер олардың даңқы мәңгі өлмесе, мен де мәңгі жасаймын. Адамға бұдан зор тілек бар ма?
Үрім-бұтақ деген міне осы.04
Balzhan_daut20020 июня 2025 г.Читать далееСол атасы қарт Борақұлдан:
— Бұл жалғанда саған не қымбат? — деп сұраған.
— Өмір! — деген Борақұл.
— Оны немен дәлелдейсің? — деген Шыңғыс хан.
— Мен қазір ұлы мәртебелі Шыңғыс ханның арқасында, ұлы Орданың шаңырағын ұстап тұрған тоғыз уылдырығыңның — тоғыз өрлігіңнің бірі болдым,— деген Борақұл.— Ұлы ханның өз иығынан алтын кіреукелі тон кидім, бірінен-бірі асқан отыз сұлу қатын алдым, алдымда билейтін ұлысым, бықыған малым бар... Бірақ қартайдым, төрімнен көрім жақын қалды. Ал егер құдай маған, мені баяғы саған қосылардан бұрынғыдай малшы болып жүрген таз қалпыма, бірақ жас қалпыма қайта түсірейін, мына атақ - бақ, дәрежеңді қиып кете аласың ба? — десе, мен сөз айтпай көнер едім. Өмірдің қымбаттылығы міне, осындай.03
Balzhan_daut20020 июня 2025 г.Адам дүниеге өзі келеді, өзі кетеді. Үрім-бұтақтың да өз тағдыры, өз тіршілігі бар емес пе?
03
Balzhan_daut20020 июня 2025 г.Өмір — талас, кім күшті — сол жеңеді деген міне осы! Адам баласының таласы бетпақ дүниеде алма-кезек түсіп осылай өтіп жатады.
Еш уақытта да бітпейді, бітуге тиіс емес.05
Balzhan_daut20020 июня 2025 г.Қандай құдіретті болсаң да, жазмыштан күшті емес екенсің! Мейлің құдай бол, мейлі Бату бол, тағдыр - ажалға әлің жетпейді екен!
03