Моя книжная каша 3
Meki
- 14 928 книг

Ваша оценкаЖанры
Ваша оценка
Читала это произведение Муканова в школе , классе в 6-7. Один раз даже ушла с уроков. Притворилась больной- так мне хотелось прочесть продолжение, что-же будет дальше с героями .
Неизгладимое впечатление тогда произвело на меня это произведение, не зря оно названо так- Светлая любовь.
Если сейчас вспомнить весь сюжет и прочитать , то наверно мне будет не так интересно как было в подростковом возрасте, да и теперешнее отношение к социалистическому строю наложили бы сейчас другой отпечаток.
А тогда я не могла оторваться.
В книге также описывается любовь к родному краю. Роман определяют как историко -революционный, в книге судьба человека в тот период времени, но мне было конечно более интересна любовь Батес и Буркута. Я где то читала , что основой романа были подлинные события, конечно не все и не так, но многое автор взял и из своей жизни.Возможно когда то я и перечитаю эту кгнигу, чтобы сравнить впечатления.

Сәбит Мұқанов "Мөлдір махаббат"
_____________________________
Бұл кітап өмір бақи бірге боламыз деген Бүркіт пен Бәтестің мөлдір махаббатыжәне Мүсәпірдей мүсәпір болған адамдардың халі арқылы халқымыздың қилы кездегі оқиғалары баяндалған.
Іші тұнып тұрған 1916-1928 ж қазақ саясаты,тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық тап, бай & кедейдің жыры, сондай-ақ опасыздық,аямаушылық, мейірімді жандар мен білімге ұмтылған жастар, Совет Одағын жақтағандар мен жақтамаған: ақ пен қызылдар, Амангелді мен Алашорданың билігі жайлы танысасыз.
Әдемі тіл, жаңа сөздер, қазақтың XX ғ тұрмысы мен адамдарының мінездерін керемет жеткізген.
514 б, майда шрифтпен жазылған бұл романды рекомендеймін
️Оқырмандарды кітап кейіпкерлері шынайы өмірде болған Бүркіт (Сұлтанбек Әбеуұлы) пен Бәтестің (Бәтима Мақашқызы) және Мүсәпірдің (Мұстафа Көшековтің) тағдырлары қатты қызықтырды.
Кітапта Бүркіт Жәутіковтың ішкі сезімдерімен тұнық танысасыз. Бір жағынан Бүркіттің жазбасын оқып, оның қырымен таныссаңыз, екінші жақ- Бәтестің жазбасын оқып, тіпті басқаша ойлайсыз.
Осы 2 жазбаны оқып отырып ой келеді әрқашан тек бір жақты ғана тыңдап, соның көзілдірігін ғана киіп қана қоймай,2-ші жақтың да ойын тыңдап, оның да кию қажет,яғни екі жақ әрқашан екі түрлі
Мөлдір махаббатын қанша аялап, қанша қиындыққа тап келген Бүркіттің өмірін оқып, көңілім құлазыды, Бәтеске жаным ашыды, Бүркітке кейде ашуым келді, кейде аядым, кейде жек көрдім, кейде дұрыс жасадың, кейде обал болды, Мүсәпірді, нағашысы Жақыпбек, оның қарамағындағыларды & әкесі Әбеуді ұнатпадым...
Сәбит Мұқановтың кітаптағы көзқарасы Алашордалықтарды жақтамауы, КСРО-ны қолдауын онша ұнатыңқырамасам да, біраз басқаша қарауды үйрендім. Қандай болса да, әркім өзі үшін жауапты деп бітіремін
Тез бастаңыз, тек тоқтай алмайсыз
Кітапқа бағам 9,5/10 ️


















Другие издания


