
Казахская литература
Mashiro_Moritaka
- 31 книга

Ваша оценка
Ваша оценка
Бұл романды оқымаған қазақ кемде-кем шығар. Бірақ, егер Сіз бұл шығармамен таныс болмасаңыз, бұл олқылықты тезірек жоюға кеңес беремін. Себебі бұл роман нағыз махабаттың қандай болуы қажет екенін көрсетеді.
Романда махаббат тақырыбы Отан сүйгіштік, адал достық, адамгершілік, ауызбіршілік, ата-анаға және жасы үлкенге құрмет, тәрбие, маскүнемдік мәселелерімен ұштасып жатыр.
Романның бас кейіпкерлері Ербол мен Меңтайдың басынан кешкендері еш өзгерістерді қажет етпейді. Барлығы Оқиға желісі осылай баяндалуы, осылай тарқалуы керек сияқты. Романда армандарын арқалап, Алматыдағы қазақтың ең ірі жоғары оқу орындарының бірінде оқып жүрген болашақ филолог студенттердің басынан кешкендері суреттеледі. Махаббат дастаны баяндалады. Әңгіме Ұлы Отан соғысынан кейінгі 1945-1947 жылдарда өрбиді. Отан алдында борышын өтеп келген Ербол мен анасы мен бауырын сұм соғыс жұтқан Меңтай бір-біріңе қосылу үшін қандай қиыншылықтарды бастарынан өткеретіні, оларға адал достары Майра мен Жомартбектің көмегі, зұлым адамдардың кесірінен Меңтайдың да, Ерболдың да қайғыруы баяндалады.
Мен оқыған басылымда роман аяқталғаннан кейін "Махаббат, қызық мол жылдар" кітабы қалай жазылды?" деген мақала бар. Бұл мақалада автор оқырмандардың сұрақтарына жауап бере отырып, роман желісі бойынша біраз сырдың басын ашады. Осылай біз оқып жүрген роман өңделгенін, алғашқы басылым емес екендігін білдім. Оған қоса автор бұл романның оның замандастарына ұнай ма деген сұраққа толғанғандығын, ұнауы тиіс деген мақсат қойғанын білдім. Автор бұл мақсатын асыра орындады деуге болар. Өйткені бұл роман - тек 20-ғасырдың 70-жылдарының жастарына ғана емес, 21-ғасырдың жастарына да ұнайтынына кәміл сенемін.

Еркектің таңын атырып, күнін шығаратын, күндізін көрікті, түнін тәтті ететін, жақында жүрсе жанына қанат беріп, алыста жүрсе аңсататын, жұлдызын оңнан туғызып, еңбегін жемісті ететін сүйген жар екен ғой, шіркін!

Қыздар бос күйеу тапқанына емес, дос тапқанына қуануы қажет. Жігіттер кино, театрға бірге баратын жол серік қана емес, жан серік тапса ғана бақытты.

Қуаныш тек күлкімен ғана келмейді. Ол тек бала басынан кешіретін тәтті қуаныш қана. Азаппен келетін ащы қуаныш та болады. Нағыз қуаныш һәмәнда жанды қинап, жүректі сыздатып, жылата келеді ғой, қарағым. Ең қайырлы қуаныш та сол болады.

















Другие издания

