О, жалған дүние! Ана құшағындай ыстық та мейірбан не бар сенің жүзіңде?! Осы құшақ тұрғанда, мен басқа ештеңені де арман етпеймін. Ешбір бақыт-байлыққа, салтанатқа мен бұл құшақты айырбастамақшы емеспін. Алтын анам, аяулым, тек сен аман болсаң, болды маған. Үлкейіп, адам болған кезде мен сенің осы жақсылықтарыңды қалайда ақтауға тырысамын. Ең жаңа киімдер алып берем, ең дәмді, ең тәтті тамақ ішкізем. Кәмпитті жәшігімен сатып ап, қанша жесең же деп, қасыңа қойып қоям.
Алтын анам, менің сенен аяйтын ештеңем де болмайды.
Читать далее