
Ваша оценкаЦитаты
ALelik8918 февраля 2017 г.Еркектің таңын атырып, күнін шығаратын, күндізін көрікті, түнін тәтті ететін, жақында жүрсе жанына қанат беріп, алыста жүрсе аңсататын, жұлдызын оңнан туғызып, еңбегін жемісті ететін сүйген жар екен ғой, шіркін!
720,3K
ALelik8918 февраля 2017 г.Қыздар бос күйеу тапқанына емес, дос тапқанына қуануы қажет. Жігіттер кино, театрға бірге баратын жол серік қана емес, жан серік тапса ғана бақытты.
618,7K
ALelik8918 февраля 2017 г.Қуаныш тек күлкімен ғана келмейді. Ол тек бала басынан кешіретін тәтті қуаныш қана. Азаппен келетін ащы қуаныш та болады. Нағыз қуаныш һәмәнда жанды қинап, жүректі сыздатып, жылата келеді ғой, қарағым. Ең қайырлы қуаныш та сол болады.
518,7K
ALelik8918 февраля 2017 г.Алтынды адал қол да, арам қол да ұстайды. Арам қол бір тигеннен алтын арам болып қалмайды. Сол қадірлі, қымбат күйінде қалады.
516,7K
ALelik8918 февраля 2017 г.Читать далееЖан жарына адал болмаған адам қылған қызмет, істеген іс, атқарған жұмыс, арқалаған қоғамдық міндетіне де адал бола алмайды. Себебі саналы өмірдің бар қызығы махаббатқа тіреледі. Сондықтан да махаббатқа соқпай кететін сезім аз. Анаға сүйіспеншілік, жарға құштарлық, Отанға перзенттік, туған топыраққа борыштылық сезімдерінің бәрі махаббатқа байланысты. Адам бойындағы ең асыл қасиет адамгершілік сезімі де махаббатпен сабақтас. Өйткені махаббат қадірін білмейтін адамда адамгершілік сезімі болмайды, ал адамгершілігі жоқ кісінің жүрегін махаббат мекендемейді.
419,5K
ALelik8918 февраля 2017 г.Махаббатты өзенге емес, көлге емес, тек қана теңізге теңестіруге болады. Теңіз сияқты мұның да бетінде тулаған толқындар жүреді, түбінде ғажайып сырлы тереңдік жатады.
418,2K
ALelik8918 февраля 2017 г.Читать далее21. Тірі адамның бар бақыты, бар қызығы жер бетінде. Оған көкке ұмтылудың немесе о дүниеден үміт етудің қажеті жоқ. Сол себепті бар терді төгіп, барша ой мен ақылды жұмсап, жер бетін, тұрған үйіңді жұмақ ете біл.
- Ел сыйларлық бағаң болмаса, елге аға болдым деме.
- Жақсы адам - магнит. Магниттің бірнеше темір шегені өзіне тартып ала алатыны сияқты, жақсы адамның да жанына жұрт көп үйріледі. Өзің жақсы болсаң - айналаңда досың көп; жаман болсаң - жалғыз жүресің; орташа болсаң - сен де бір жақсының жанын жағалайсың.
Досты сырттан іздеме, жақыннан ізде, өзіңнің ішіңнен, ішкі дүниеңнен ізде. Жаның жақсы, жүрегің жақсы, ақылың парасатты болса - іздеген досың алыстан үйріліп өзі келеді.- Біздің ауылдың қазақтары баяғы ескі әдеттен әлі күнге дейін жүзге бөлінеді. Содан соң әлі жеткені әлсізін аяғынан шалып, бөтен жүздің баласы деп жұдырықтап, жұлмалап жүндеп жатады. Алауыздықтың атасы - жүз жойылса екен. Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсе екен!
- Ел билеген жақсы адамның өмірдің күнделікті күйбеңімен кетіп, ертеңгі ұрпаққа мұра боларлық өз атынан ештеңе қалдырмауы өкінішті. Абай атамыздың өзгелерден артықшылығы да осында - артына тастап кеткен асыл кітабында ғой.
- Біреуді пәленше көп біледі деп мақтайды. Көп білген адам көп тындырса мақтауға болар еді. Көп біліп, түк тындырмайтындар да бар. Мұндай іске пайдасыз білгіштікті білдім деудің қажеті жоқ. Ондай "білгіштен"аз біліп, көп тындыратын қоңырқай адамның өзі артық.
419,4K
Ayau100423 января 2020 г.Жастықтың,жігердің, адалдықтың, адамгершіліктің алтын туы асыл махаббат жасасың !
36,8K
ALelik8918 февраля 2017 г.Читать далееҚыз құмар жігіттің (немесе керісінше) желөкпе, жеңілтек, қызыққыш, құмартқыш келетіні ежелден белгілі жай. Ондай адамдардың қысқа қызық, шолақ шаттыққа аңсарлары ауып тұрады да, бара-бара нәпсінің құлына айналады. Ондай жандар өздерінің осы нәпсі құмарлығын өзгеге махаббат деп ұсынады. Бірақ шынайы махаббат пен құмарлықтың екеуі екі басқа. Құмарлық көбіне аңшыға тән қасиет. Аңшы көрген аңын емес, соған оғының тигеніне разы болады. Аңшыға шолақ сәттің қуанышы ғана қажет. Ал махббат мәңгілік қуаныштың туын ұстайды.
315,6K
ALelik8918 февраля 2017 г.Читать далееСоциалистік Еңбек Ері Ілияш Қызырбаевпен әңгімелесіп отырғанымызда, бір реті келіп қалған тұста, мен Ілекеңнен "Махаббат деген не өзі?" деп сұрадым. Қарт шопан қой бағуға байланысты емес бұл сұраққа да ойланып жауап береді.
- Ол - әр үйдің алтын діңгегі ғой, шырақтарым, - деді.
- Сонда кемпір мен шал сіздерде де махаббат бар ма? - деп деді менімен бірге келген жас зоотехник Ілекеңе бәйбішесі Ақнұрды нұсқай әзілдеп.
- Осы сен күннің нешеу екенін білесің бе? - осылай деп, Ілекең зоотехник жігітке қарсы сұрақ қойды.
- Білемін, аспанда жалғыз ғана күн бар.
- Жоқ, - деді шопан бурыл басын шайқап, - күн екеу, оның бірі көкте болса, бірі жүректе. Жүректегінің аты - махаббат. Махаббат мекендемеген жүрек қысты күні қар астында қалған қараңғы үймен тең.
314,6K