Рецензия на книгу
Бір кем дүние
Шерхан Мұртаза
Аноним10 августа 2024 г."Бір Алладан басқа мәңгі ешнәрсе жоқ"
Шерхан атамен, Шерхан ұстазбен, Шерхан жазушымен танысқан бірінші қадамым осы еңбек арқылы өтті.
Бұл ойтауғаулар Мұртаза ағамыздың өмір киносының нәтижелік түйіндемелері секілді сезілді. Таза өз сезілген сезімім және келген ойыма сүйеле айтуым.
Геноцид, соғыс, неше түрлі басқа да қиыншылықтар көрген адам үшін - жазылғаны таза ашы шындық бірақ мен үшін батыл, теріні тілетіндей сөздер секілді көрінді.
Оқып жатырған кезде тек бір ой болды - "қалай қорықпай ашық жаза алады екен?" деген.
Содан кейін түсіндім, менің қатарым, орта жасты, 30-ға таяу болып қалған адамдар - қорқақ екенбіз. Тәуелсіздік алсақ та, көп нәрседен қорқамыз: жақындарымыз үшін, жұмыстан айырылып қаламызба деп. Сондағы ашық ойымызды айтып жеткізгеніміз үшін. Шіркін, жалған демократия...
Алайда қазіргі Жаңа Қазақстан жастары өте батыл, ақылды, білімді, құлшыныстары бітпес, көк аспанға сұңқардай ұшайын деп тұр.
Екі ортада - білімді аға-аталарымызбен батылды жастарымыздың ортасында біздер, орта жасты адамдар тұрмыз шырылдап, "артық ештеңе айтпа, өз ойыңды қабірге бірге алып кет, судан дыбыссыз, шөптен төмен жүр", - деп.
Дегенмен, ұлы ойшылдардың еңбектерін оқып тамсанудан, таң қалудан, еліктеуден, мақтанудан ешкім тоқтата алмас.
Біздер үшін Алла Тағала мен бұл жоғарыда айтылған сезімдер мәңгілік болмақ.
Бұған күмән жоқ.
Бір кем дүние.14276