Рецензия на книгу
The Goldfinch
Donna Tartt
aleka-15 февраля 2022 г.Донна Тартт «Щегол»__________
Бұл роман голландық суретші Карел Фабрициустың (1654ж) шедеврі "Щегол" картинасының желісінде болады.
Былай қарағанда мәдениетті көрінген Теоның өмірі шынайы баяндағанды ондай мәдениетті жоғары бағаласаң да, жүріс-тұрысың жаман әдетке лайық болса, бәрібір жақсы көрінбейтінің анық....
Мисс Донна Пулитцер премиясын алған. Бірақ бұл романға Тарттқа бір оқиғаны тым ұзақ қылып жазғанына бермесе, тәрбиелік мәні бар, пайдаға асатын роман деп айтар алар емес едім-деп басында ойлаған Алия қазір басқаша сайрайды
Кітапты алғанша асықтым, қызығып бастағанша тағы асықтым, бастадым-Уфф,дегенде....ортасына келгенде "дым қызық емес кітап, неге алдың? Рецензиям отрицательный болады, возмущение көп, за что дали Пулитцеровскую премию"- болды, соңына келгенде қимастық сезім болды да, бұл да біреудің еңбегі деп жақсы баға беретін болып шештім
Вот что искусство творит со мной такие вещички
821 бет Донна Теодор Декердің өмірін бүге-шүгесіне дейін баяндаған. 821 бет жазу - ол өнер және еңбек. Оны "керемет " деп бағалаймын. Бірақ жалығып кеттім соңына жеткенше.
Оскар Уайльд "Портрет Дорианы Грея» кітабында өз кейіпкерінің "пороктарын" жазбайды, әр адам өз күнәсын сол кейіпкерлерді оқып отырып білетініндей, "Щегол" романы да сондай романдардың қатарында. Айтпаймын, детская травма, психолгиялық ауытқу бар,тым ауыр тағдыр деп те айта алмаймын. Өмірде таңдау деген ерік бар. Тео Декер өзінің қолында болған өмірін өзі құрды. Мәдениет-өнерді жоғары бағалайтын Тео анасынан Метрополитен мұражайындағы терактан кейін үйіне барып, анасын күтіп отырған сәті кішкене аянышты болды
Сосын жақсы отбасында өмір сүріп жатқанда, әкесі келіп алып кеткені,әкесі мен анасының жағдайын әкесі Теоға айтқанда маған да ой келді: кейде жаныңдағы адам сенің потенциалыңды дамытудың орнына керісінше жоқ қылатындай, Теоның әкесі оның анасының жанында бақытты болмай, Ксандраның жанында мейлі жаман жолда болсын,бірақ өзін еркін әрі бақытты сезінуі.
Өзінің шынайы бейнесін адам ешқашан жасырмағаны дұрыс.
Наша шегіп, таблеткалардың неше түрлісін кайф үшін ішіп, жастайынан жаман жолға түсіп, ішіп-шегіп,қатып, ұрлау... - ол оның таңдауы. Кітапты оқып отырып, біраз нәрсені өзгерткің келіп отырады. "Барма, жақындама, наркотикті таста, Пиппаға сүйетініңді айт, Бориспен дос болма" дегің келеді....Бірақ өмірде де сол, адам қателеседі, сүрінеді. Кейде сол нәрседен сабақ аламыз, кейде елемей де жатамыз.
Кейде өзіңнің жаман екеніңді біліп, дұрыс жолда емес екеніңді ойлап, оған "мен недостоин" деп, жақсы көретінімізді не жақсыларға жақындауға қорқып жатамыз.
Мысалы, кедей байға жақындауға, көріксіз адам әдемі кісіге сөз салуға қорқып....Түбінде өкініш болып жатады. Әрқашан қадам жасаудан қорықпау кк, ішкі сезімді ашық айта білу қажет
Кітап маған ұнады, қайта оқымайтыным анық Пулитцер премиясына ие болған ДОнна Тарттпен танысқаныма, оның атақты романын оқығаныма өкінбеймін.
Керемет пайдалы болмаса да, өзіме біраз нәрсе ой түйдім. Соның ішінде; достық орта міндетті түрде әсер етеді, ата-ананың күнделікті тіршілікте рөлі зор,бала- оларға қарап бой түзейтініңді, қаншалықты жаман болсаң да, бізді Жаратушы кешірімді екеніне ешқашан үміт үзбеу кк екенін ұмытпау!
"Щегол" романына 7/10 бағам
3177