Рецензия на книгу
Гроздья гнева
Джон Стейнбек
Аноним28 ноября 2021 г.Джон Стейнбек «Гроздья гнева»
____________________________
Бұл кітапты Стейньек мырза 1939 ж жазған. Және бұл роман Пулитцер, Нобель премиясына ие болған
Қай ел болмасын өз дәуірінде,тарихында аштық заманнан өткен. Сондай қиын заман қазіргі дамыған Американы да жаулайды.
Дөңгеленген өмір анда қашып, мұнда қашып жүрген фермер Джоуд отбасыларының өмірі жайлы.
Жаңа ғана түрмеден босап келген Том Джоуд бостандыққа шыққан соң, өз отбасын таппайды. Іздеп жүріп, жолда проповедник Кейси мырзамен танысады.
Сөйтсе банк деген жүйе келіп, елдің бәрін берекетсіздікке ұшыратады. Тұрып жатқан үй-күйлерін тастап,жерін тастап Оклахомадан Калифорнияға "Үмітсіз шайтан" демекші, жұмыс тауып қалармыз деп жолға шығады.
Қиын заманда адам жұмыс іздеп, ел тентіреп жүрген отбасылар жайлы.
Кітап ауыр, тағдырлары ауыр отбасылар жайлы болғандықтан моралды тұрғыдан шаршап кетесіз Оқып отырып, депрессияға түсіп кетесіз де, бірақ шүкір етесіз. Романда бір қуаныш сәт сезбейсіз.
Жалпы "депрессия" - қуаныш, бақыт, шүкірлік, күлкі деген сезімдерді жоқ қылады
осындай жақсы сезімдер жоқ болғанда, адам бойында бақытсыздық, ашу-ыза,кек, кісі өлтіру, ұрлау, сатқындық...деген сияқты жаман мінездер бой көтереді.
Аштық, ақша жоқтық, жалпы "Жоқтық"- адамды тоздырып жібереді де, соңында ашу-ыза,кек, қаталдық деген жаман қасиетті тудырады. Кітаптың аты айтып тұрғандай, сондай ызаның атымен аталған "Гроздья гнева» бұл кітапты оқуға кеңес беремін. Егер өзге елдің тарихы, дәстүрімен танысқым келеді десеңіз, мархаббат
Өз басыма Стейнбек мырзаның Нобель сыйлығының лауреаты болатындай не артықшылығы бар екен деп қызыққанан оқыдым
Кітаптың соңы маған қатты ұнады ️
"Ана сүті - ең адал ас"- деп бітіргім келеді.
2101